Казақ КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің №203 бұйрығымен 1962 жылы мамырдың 20-сында ортопедиялық стоматология кафедрасы құрылды.Алғаш ортопедиялық стоматология кафедрасын Алматы қаласынаң бас тіс-дәрігері, №1 қалалық стоматологиялық емхананың бас дәрігері Усманова Рашида Сабировна басқарды.
1963 жылы стоматология факультеті мен кафедраны басқару Ташкент мединститутынан келген Г.Т.Сухаревке берілді.
1975 жылдан бастап ортопедиялық стоматология кафедрасын доцент Седунов А.А. басқарды. 1989 жылы шілденің 11-нде ҚазҰМУ ректорының №214 бұйрығымен ортопедиялық стоматология кафедрасы госпитальді ортопедиялық стоматология және ортопедиялық стоматология пропедевтикасы кафедрасы болып құрылды. Кафедраларды м.ғ.д, профессор Седунов А.А. пен м.ғ.д.,профессор Рузуддинов С.Р. басқарды.
2001 жылы ортопедиялық стоматология кафедралары №1 және №2 болып қайта құрылды.
2001 жылы №1 ортопедиялық стоматология кафедрасын д.м.н.,профессор Алтынбеков К.Д. басқарды. 2003 жылы №1 және №2 ортопедиялық стоматология кафедрасының біріктірілуіне байланысты ортопедиялық стоматологияны м.ғ.д.,профессор Рузуддинов С.Р. басқарды. Алғаш кафедрада доц. Сухарев Г.Т. Седунов А.А., Новикова В.И. басқаруымен кандидаттық диссертациялар қорғалды. Кейіннен проф. Седунов А.А., Рузуддинов С.Р., м.ғ.д, Алтынбеков К.Д. жетекшіліктерімен кандидаттық диссертациялар қорғалды.
2010 жылы стоматология бойынша оқу клиникалық департамент құрылды. Оны м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б. басқарады. ҚазҰМУ ректорының бұйрығымен № 1323л 12 шілде 2011 ж. МЖБС-2006ж бойынша кредиттік технологияны ендіру үшін стоматология факультетінің кафедралары модульдерге бөлінді. Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі м.ғ.к. Есіркепов А.А. тағайындалды.
Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінде 2 доцент, 3 медицина ғылым кандидаттары, 3 ассистент, 1 стажер-оқытушы, 1 аға лаборант және тіс техниктері жұмыс істейді. Модульде екінші курстан төртінші курсқа дейін студенттер білім алуда. Модульдің оқу-әдістемелік жұмысы жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін енгізе отырып жаңаруда.