14 ақпан 2018 жылы, сағат 11.30-да ҚазҰМУ спорттық кешенінде «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
- Салауатты өмір салты жайында түсінік.
- Студенттерге салауатты өмір салты жайында мағлұмат беру.
3.Салауатты өмір салтының қоғамдағы маңызы.
Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері, Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.
Жалпы қатысқан студенттер саны — 80 студент.
Студенттер«Салауатты өмір салты» тақырыбына байланысты баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында дұрыс тамақтану, гигиена сақтау,жағымсыз әдеттерден аулақ болу, денсаулықты күту тақырыптарында сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.
Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Кален Ф., аға оқытушы Атагулова Г.Д., аға оқытушы Бекболатова А.Ш.