ТҚН курсының ұжымы курс меңгерушісі, доцент Зикриярова Санам Махсутжановнаны мерейтойымен құттықтайды

%d0%b7%d0%b8%d0%ba%d1%80%d0%b8%d1%8f%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d1%81-%d0%bc

Зикриярова Санам Махсутжановна, 1966 жылы дүниеге келген, дәрігер эпидемиолог-гигиенист, медицина ғылымының кандидаты, доцент. Зикриярова С.М. жалпы білім беру пәні ғылыми департаментінің директоры, Стоматология факультеті Кеңесінің мүшесі, ТҚН курсының меңгерушісі.

Зикриярова С.М. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлы-гигиена факультетін үздік бітірді. Осыдан кейін Алматы мемлекеттік медициналық институттың фармакология кафедрасына тәжірибелік-оқытушы ретінде шақырылды. 1992-2000 жылдар аралығында инфекциялық аурулар және эпидемиология курсы кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды. 2000-2012 жылдар аралығында Төтенше Жағдай кезіндегі жедел медициналық көмекті ұйымдастыру курсында меңгеруші болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бері, аттастациялаудан үздік өткеннен кейін, ТҚН курсының меңгерушісі болып табылады. ҚазҰМУ-де жалпы жұмыс тәжірибесі 25 жылды құрайды.

2006 жылы «Совершенствование эпидемиологического надзора при землетрясениях» атты кандидаттық диссертацияны үздік қорғады. (эпидемиология саласы — 14.00.30.).

Бұл ғылыми жұмыс Қазақстанда бірінші рет төтенше жағдайлар кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар туралы өзекті мәселені қозғады. Зикриярова С.М. көптеген ғылыми жұмыстары мен жарияланымдары бар, «Организация экстренной медицинской помощи в чрезвычайных ситуациях» дисциплинасы бойынша оқу бағдарламасының практикалық үлгісін жобалау мен енгізуге қатысты. Оның басшылығымен курста жаңа интерактивті білім беру әдісі сәтті жобаланып, енгізіліп ,сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заманауи білім беру талаптарына сай студенттерге қазақ тілінде,орыс тілінде,ағылшын тілінде дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар өткізуде.

Жұмыс тәжірибесінде Зикриярова С.М. өзін жоғары деңгейлі оқытушы және ғылыми жұмыскер ретінде көрсетті. ҚР медицина білімінің және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің өркендеуіне бағытталған еңбектегі, оқудағы, тәрбиедегі, ғылыми және әкімшілік-шаруашылықтағы қызметі үшін бірнеше рет Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталған.

ТҚН курсының ұжымы Санам Махсутжановнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, жұмысыңызға сәттілік тілейді.