Халықаралық студенттік олимпиада 1 орын

«Микроскоп астындағы стоматология» – Челябі, 2025

2025 жылдың қазан айында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Шамсутдинов Арыстан Ресейдің Челябі қаласында өткен «Микроскоп астындағы стоматология» атты Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты.

Олимпиада Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші медициналық университеттерінің стоматология факультеттерінің студенттерін біріктірді. Шараның мақсаты – болашақ стоматологтардың кәсіби дағдыларын дамыту, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Олимпиада барысында қатысушылар ортопедиялық және хирургиялық стоматология бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, өз университеттерінің шығармашылық таныстырылымдарын ұсынды.

Іс-шара Ресей мен Челябінің жетекші стоматология мамандары қатысқан салтанатты банкетпен аяқталды, онда жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Олимпиада нәтижесінде Шамсутдинов Арыстан 1-орынды иеленіп, жоғары кәсіби дайындық, білім және шеберлігін айқын көрсетті.

Олимпиадаға дайындау барысындағы қолдауы үшін ұстаздары мен жетекшілеріне – Асилбек Абдрасиловичке, Нариман Бауржановичке және Жанабай Жумабековичке алғыс білдіреміз.

Жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Од әрі табыстар, кәсіби өсу және шабыт тілейміз!