ҚазҰМУ-тің Стоматология мектебі ішіндегі «Декан кубогы» үшін студенттері (ерлер) арасында шағын футболдан жарыс

Стоматология мектебінде ағымдағы жылы ақпан айының 12 мен 13 күндері мектеп ішілік «Декан кубогы» үшін студенттер (ерлер) арасында шағын футболдан өткен жарыс өз мәресіне жетті. Денені сауықтыру орталығының жауапты оқытушысы Буткей Сәбиттің жетекшілігімен, декан Алтынбеков Кубейсин Дүйсенбайұлының, декан орынбасары Тезекбаева Гульзат Асылханқызының қолдауымен ұйымдастырылған тартысты бәсекеде 7 команда бақ сынап, үздік 3 команда келесі айда өтетін «Ректор кубогына» жолдама алды. Командалар төмендегідей нәтиже көрсетті:

1 орын – «Реал стом» командасы

2 орын – «Сақ» командасы

3 орын — «СтомАрландары» командасы

  • Үздік ойыншы – Ұзақбай Аян

Жас спортшымызды жеңісімен құттықтай отырып aлдағы «Ректор кубогы» үшін жарыста толағай табыс тілейміз!