Кафедрада білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы белсенді дамып келеді. «Балалар стоматологиясы: зерттеулер және инновациялар» ғылыми үйірмесі балалар стоматологиясының заманауи бағыттарына қызығушылық танытатын студенттерді біріктіреді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жобалары стоматологиялық ауруларды диагностикалау мен алдын алудың цифрлық әдістеріне, ауыз қуысы гигиенасын дербестендірілген оқытуға, ерекше қажеттіліктері бар балаларда тісжегінің алдын алуға, тіс эмалінің деминерализациясын емдеудің инвазивті емес технологияларына, фиссураларды герметизациялаудың заманауи әдістеріне, стоматологияға арналған дәрілік қалыптарды әзірлеуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған интерактивті цифрлық технологияларға бағытталған.
Білім алушылардың халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы
2025–2026 оқу жылында кафедра білім алушылары 2026 жылғы 7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. «Стоматологияның өзекті мәселелері. Пәнаралық тәсіл» секциясында ерекше қажеттіліктері бар балаларда тісжегінің алдын алудың жекелендірілген бағдарламасын әзірлеу, стоматологиядағы дәрілік заттарды бақыланатын жеткізу жүйелері және ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған интерактивті цифрлық технологиялар бойынша зерттеулер ұсынылды.
Кафедра студенттерінің 2026 жылғы 5–6 мамырда Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Стоматология және жақ-бет хирургиясының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конгресі және Ташкент мемлекеттік медицина университетінің балалар стоматологиясы кафедрасының құрылғанына 50 жыл толуына арналған конференция аясында өткен Халықаралық олимпиадаға қатысуы ерекше маңызға ие.
Кафедра студенттері жоғары нәтижелер көрсетті: Алиева Аиша — I орын, Мусабек Айшабиби — I орын, Деркембаева Камила — II орын, Ниязова Сания — II орын. Олимпиада тапсырмалары балалар стоматологиясының заманауи практикалық бағыттарын, соның ішінде QLF технологиясын қолдану арқылы гигиеналық индексті анықтауды, коффердам көмегімен жұмыс алаңын оқшаулауды және Пеккер әдісі бойынша тістерді күмістеуді қамтыды.
Білім алушылардың инновациялық қызметі
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі – студенттерді зияткерлік меншік объектілерін әзірлеуге тарту. 2026 жылы Еркибаева Ж.У., Кеңесбекова Жанеля Мейрамбекқызы және Болеген Даяна “Methodology of interactive oral hygiene education for children using an author-designed jaw model and ultraviolet dental plaque indication” әзірлемесіне №67081 авторлық куәлік алды. Авторлық куәлік 2026 жылғы 5 ақпанда тіркелген.
Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы
(студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар)
Кружок атауы:
«Заманауи балалар стоматологиясы: профилактика және инновациялар»
(«Modern pediatric dentistry: prevention and innovation»)
| № | Олимпиада, викторина, конкурс Атауы | Білім алушылардың немесе командалардың Толық аты жөні | Оқу деңгейі / Мамандығы / Курс | Өткізу күні мен орны | Ұсынылған жұмыстың тақырыбы | Жүлделі орындар |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының университеттік конкурсының II кезеңі, «Стоматология» секциясы | Ахметов Азамат | 2 курс СТ23-048а |
КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова 1 апреля 2024 г. Ауд. 7 |
Toothbrush gemification | І дәрежелі диплом |
| 2 | Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының университеттік конкурсының II кезеңі, «Стоматология» секциясы | Кивелов Янис, Бахыт Диас | 2 курс СТ23-042р |
КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова 1 апреля 2024 г. Ауд. 7 |
Оценка стоматологического статуса студентов 2 курса | III дәрежелі диплом |
| 3 | Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының университеттік конкурсының II кезеңі, «Стоматология» секциясы | Тұрлыбек Елдана, Шакир Дильназ | 2 курс СТ23-048а |
КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова 1 апреля 2024 г. Ауд. 7 |
Efficiency of ICON infiltration concept for white spot lesions | Номинация: «Шексіз шығармашылық» |
| 4 | Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «Фараби әлемі», секция «Стоматологияның өзекті мәселелері» | Тұрлыбек Елдана, Муратали Айкен | 2 курс СТ23-048а |
КазНУ им. Аль-Фараби 4 апреля 2025 г. |
Clinical application of infiltration technology for children | II дәрежелі диплом |
| 5 | Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «Фараби әлемі» | Бакытжан Альмади | 3 курс СТ22-041а |
КазНУ им. Аль-Фараби 4 апреля 2025 г. |
Regulation of histotaxis and antagonistic activity in oral candidiasis | III дәрежелі диплом |
| 6 | Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «Фараби әлемі» | Жалбағаева Карина, Куатбекова Ажар, Баймуратова Аймейрим | 3 курс СТ22-041а |
КазНУ им. Аль-Фараби 4 апреля 2025 г. |
Разработка стоматологического геля с противовоспалительным и антисептическим действием | Сертификат |














