Кафедра тарихы

Терапиялық стоматология кафедрасы 1962 жылы құрылған. 2004 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымының докторы, доцент Жолдыбаев Серик Сабитович басқарады. Кафедра қызметкерлері 8 докторлық және 67 кандидаттық диссертация қорғады, 7 монография, терапиялық стоматология бойынша 2 оқулық, 25 оқу және әдістемелік құрал, соның ішінде 5 қазақ тілінде, тәжірибелік денсаулық сақтау үшін 30 нұсқама шығарды, консультациялық-емдеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта кафедрада 3ғылым докторы, 7доцент, 7ассистент жұмыс істейді. Солардың арқасында университеттің даму Стратегиясын іске асыруда үлкен жұмыс жасалуда. Оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары тәжірибелік стоматологияның актуальді проблемалары- емдеудің әр түрлі әдістерінің тиімділігін бағалауға және стоматологияда заманауи диагностикалық әдістерді қолданудың клиникалық тиімділін зерттеуге бағытталған. Зерттеудің нәтижелері – әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар мен оқу құралдары түрінде оқу үрдісіне енгізіледі. Кафедрада жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстары іргелі және қолданбалы маңызға ие.Кафедра жұмысшы бағдарламаларды,әдістемелік нұсқамаларды,тестік тапсырмалар мен ситуациялық есептер жиынтығын. Оқу компьютерлік анимациялық фильмдер және дәрістер жиынтығын шығарды.

Кафедра стоматологиялық кондырғылар және аспаптармен, заманауи стоматологиялық материалдармен жабдықталған 6 оқу-емдеу кабинетімен қамтамасыз етілген. обучающиеся на кафедрада оқитын студенттер фантомды кабинетте заманауи фантомды блоктармен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, ол жерде Блэк бойынша әртүрлі кластардағы тісжегі қуыстарын егеп-тазалау дағдыларын, дайын егеліп-тазаланған тісжегі қуыстарын заманауи пломбылық материалдармен пломбылауды үйренеді, ол бастапқы профессиональді мануальді дағдыларын жетілдіруге негіз болып табылады. Оқу кабинеттерінде студенттер стоматологиялық қондырғыларда, ұштықтар мен тексеруге арналған аспаптармен жұмыс істеу, тістерді емдеу және пломбылау дағдыларға ие болады.Пациентті стоматологиялық креслоға дұрыс отырғызу, пациентті қабылдау алдында қолдарын өңдеу дағдысын үйренеді. Студенттер волонтерлерді сұрап және ауыз қуысын зерттеу жүргізеді,пациенттермен қарым-қатынастың коммуникативті дағдысын үйренеді, негізгі және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелерін дұрыс интерпретациялауды және жәй және асқынған тісжегіге, тістің қатты тіндерінін тісжегі емес ақауларын, пародонтжәне ауыз қуысының шырышты қабаты ауруларына емдеу жүргізуді үйренеді.

Студенттер стоматологиялық қабылдаудағы дәрігер-стоматологтығ есептеу құжаттарымен танысады, науқастын амбулаториялы картасын және тіс формуласын, 0. 37-у, 0.39-у статистикалық формаларды толтыру дағдысын үйренеді.

Қосымша әдебитеттермен, Интернеттегі ақпараттық ресурстармен, ұсынылған тақырыптар бойынша рефераттар, мультимедилы презентациялар, тематикалық кроссвордтар бойынша өзіндік жұмыс істеу дағдылары студенттердің бойына сіңіріледі.