«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»

 

Стоматология факультетінің ортопедиялық стоматология кафедрасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты іс-шараны 04.10.2017ж №5 жатақханада өткізді. Алғы сөзі С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі профессор Мұстафина Ж.Ғ. алғы студенттермен кездесуге «Нұр отан» партиясы Алмалы ауданың филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Дауешов Нұрғиса Мұратұлы және «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық акиматының басшысы Ахметов Мади қатысты. Тақырыпқа байланысты шешімдерің сөзі студент жастарға үлкен әсер етті, айтарлықтай қызығушылық туғызды. Әсіресе, ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі профессор Алтынбеков К.Д. жуық арада Беларуссияға барған ғылыми сапары жайында айтып, рухани жаңғыру мен ғылымың бағыт-бағдарларына, қоғамдағы алар орнына тоқталды. Модераторлар ретінде ҚазҰМУ «Нұр Отан» бастауыш партиясының төрағасы профессор Құлмамбетов И.Ә. және Стоматология мектебі әлеуметтік –тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жексембаева А.Д. іс-шараны жүргізді. Сонымен бірге ортопедиялық стоматология кафедрасының оқытушысы Р.И.Құлмамбетов және Сафаров Т.С.аға куратор ретінде қатысып, кездесуінің жемісті болуына ат салысты.