С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Стоматология мектебі Университеттік Наурыз мерекесіне белсене қатысты.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы әрбірімізге жаңару мен жаңа бастамалардың, бірлік пен татулықтың символы! Бұл жарқын мерекеде ұлттық дәстүрлеріміз жаңғырып, студенттер мен оқытушылар бір шаңырақ астында көңілді думан құрды . Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Береке, бақ-дәулет, денсаулық тілейміз!