«Жасөспірімдер арасындағы діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу» тақырыбында конференция өтті
08.02.2017 жылы №3 оқу ғимаратының № 409 аудиториясында «Жасөспірімдер арасындағы діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу» тақырыбында стоматология факультетінің 5 курс студенттері және кураторлары арасында тәрбие конференциясы өткізілді. Іс-шара балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ермуханова Г.Т. сөзінен басталды. «Діни экстремизм дегеніміз не? Қазақстан жастары арасындағы діни экстремизм» тақырыбында балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті Гайсина Д.К. баяндама жасады. […]

