Ортопедиялық стоматология кафедрасында тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шара

Ортопедиялық стоматология кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша Желтоқсан айына жоспарланған «Тәуелсіздің-тұғырым»- атты меркелік іс-шара 12.12.2023ж 3 оқу корпусы 106 мәжіліс залында 10:00 өтті. Іс-шараға Стоматология мектебінің ортопедиялық стоматология кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы , университеттік Ғылыми кітапхананың анықтама библиография бөлімінің меңгерушісі Елеукенова Салтанат ханым мен 3 және 4 курс студенттері атап айтқанда Т21-008топ белсенді қатысып баяндама жасады. Университеттік кітапхана Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен Желтоқсан оқиғасына қатысты оқулықтар мен мақалалар көрмесін ұйымдастырды. Студенттер өз тарапынан Тәуелсіздікке қандай қиындықпен жеткеніміз, осы ашық аспанның қадір қасиетін тағы да түсініп өз бойларына сіңірді. Желтоқсан оқиғасына куәгер ретінде ортопедиялық стоматология кафедрасы ассистенті Балгожина Динара Айтмухановна өз көрген білгенімен бөлісті. Студенттерге оқылған баяндамалар бойынша кері байланыс ретінде сұрақ жауаптар берілді.