Рухани-жаңғыру

26 казан күні университеттің «Даңқ Залында» Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер кафедрасы, стоматология мектебінің ұыйымдастыруымен «Рухани-жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында Алматы қаласында орналасқан ұлттық аударма бюросының ғылыми қызметкерлері: ғылыми редактор ф.ғ.к., доцент Рыскиева Айымжан Абуовқызы, аудармашы, журналист, ақын Есей Жеңісұлы. Вашингтон университінің мемлекеттік саясат факультетінің магистрі елімізде бірнеше лауазымды қызметте болған, бүгінде аударма бюросының қызметкері Ерлан Нұрланұлы Искаковпен кездесу өткізілді. Кездесуді алғы сөзбен стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректор фармацевтика ғылымдарының докторы Датхаев Убайдилла Махамбетович. Кездесуде университеттің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы, м.ғ.д., профессор әрі университтің терминология комиссиясының медициналық терминдерді сандарттау және бір қалыпқа келтіріу туралы бөлімінің жетекші маманы Исатай Ізімұлы Құлманбет қатысты.

Кездесу жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараға 200 жуық адам қатысты