«Үздіктерді марапаттау» рәсімі

20.05.2022 күні Т.Шарманов атындығы Даңқ залында Стоматология мектебі жылды қорытындылау аясында төменгі курс студенттері арасында «Үздіктерді марапаттау» рәсімін атап өтті. Салтанатты шара барысында мектебіміздің дамуына үлес қосқан, бірнеше ұрпақ стоматология саласының мамандарын даярлауда аянбай еңбек етіп жүрген, университетіміздің профессорлары, медицина ғылымдарының докторы Мамеков Әбірбек Досболғанұлы мен Ермұханова Гүлжан Тілеумұханқызы студенттерге өз ақыл-кеңестерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Оқу барысында студенттің әр түрлі салада әр қырымен танылуына сәйкес 13 номинация бойынша 31 белсенді студенттер марапатталды. Шара соңында Стоматология мектебінің деканы Б.Дильбарханов студенттерге оқуда табыс, келешекте биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.