ӨСҚ негіздері курсы бар дене тәрбиесі кафедрасы Тәрбие жұмысы бойынша есебі

14 сәуір 2018 жылы, сағат 11.00-да ҚазҰМУ аренасында «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: 1. Студенттерді қазақтың ұлттық спорт түрімен таныстыру. 2.Ұлттық спорт түрлерін үйрету. 3. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

Спорттық іс-шараға жалпы медицина, фармация, стоматология, Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің оқытушылары мен студенттері қатыстырылды.

Жалпы қатысушылар саны – 300 адам.

«Наурыз» мерекесіне арналған спорттық іс-шара өте қызықты және тартысты өтті. ӨСҚ негіздері курсы бар дене тәрбиесі кафедрасының ұжымы белсене ат салысып, ойындардың әділ өтуін қамтамассыз етті. «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық іс-шара төмендегідей спорт түрлері бойынша өткізілді: арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату, секіртпеде секіру, шығыршықты айналдыру, гір көтеру, қазақ күресі. Осы аталған спорт түрлері бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жауапты оқытушылар: п.ғ.к., доцент Фадеева О.Ю., аға оқытушы Жаксылыкова К.С., аға оқытушы Джигарбаев Б.Т.