Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға арналған іс-шарасы
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі оқытушылары Манғытаева Б.Б.,Уразбаева Б.М., Жаханова С.Н. № 5 жатаханада 25 наурыз күні кешкі сағат 17.00 діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбында конференция өткізді. Оған № 5 жатахана студенттері 1-4 курс аралығындағы студенттер қатысты. Студенттерге религияның қалыпты ағымынан религиозды-экстремизм идеологиясының ерекшелігі түсіндірілді. Студенттерге тек ҚР тіркелген Абухалифа […]

