28 наурыз 2018 жылы, сағат 14.30-да ҚазҰМУ спорттық кешенінде «Біз салауатты өмір сүреміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: 1. Салауатты өмір сүру дағдыларымен таныстыру. 2. Студенттерді салауатты өмір сүру дағыларын сақтауға үйрету. 3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері, Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.
Жалпы қатысқан студенттер саны — 60 студент.
Студенттер салауатты өмір сүру тақырыбына байланысты баяндамалар оқыды және ән айтылды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында салауатты өмір сүру тақырыбында сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.
Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Жаксылыкова К.С., аға оқытушы Бекболатова А.Ш., аға оқытушы Атагулова Г.Д.