Баспа қызметі

Студенттерді оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мақсатында хирургиялық стоматологияның әртүрлі бөлімдері бойынша оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, басылып шығарылды: «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» (I және II том, орыс және мемлекеттік тілдерде), «Сілекей бездерінің қабыну және дистрофиялық аурулары», «Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандыру». Сонымен қатар, 2018 жылы «Стоматология» оқулығы және «Стоматология. Тесттер және ситуациялық есептер» оқу құралы («ГЭОТАР» баспасы) жарық көрді. Профессор В.В. Афанасьевпен және У.Р. Мирзакуловамен бірлесіп дәрігерлерге арналған «Сілекей бездері: аурулары мен жарақаттары» атты нұсқаулық жарық көрді (Мәскеу: ГЭОТАР, 2019. – 320 бет). Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Х.Л. Сағындық 2023 жылы «Бет-жақсүйек аймағы және мойын тіндерінің қабыну аурулары» атты оқу құралын басып шығарды.

2025–2026 оқу жылында жарық көрген оқу құралдары:

«Амбулаториялық стоматологиялық тәжірибедегі жергілікті жансыздандыру. Тіс жұлу операциясы» – мемлекеттік және орыс тілдерінде. Авторлары: профессор Х.Л. Сағындық, профессор ассистенті К.К. Талимов, резидент А.А. Уражанова.

«Бет-жақсүйек аймағы мен мойынның қатерсіз ісіктері» – мемлекеттік және орыс тілдерінде. Авторлары: профессор Х.Л. Сағындық, профессор ассистенті К.К. Талимов, қауымдастырылған профессор Н.Б. Изембаев.

«Стоматологиядағы клиникалық фармакология» – орыс тілінде. Авторлары: профессор К.Д. Рахимов, қауымдастырылған профессор Ж. Абу, қауымдастырылған профессор Ю.А. Менчишева, профессор ассистенті Ж.У. Еркібаева.