Ғылыми-зерттеу жұмысы
Ортопедиялық стоматология кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы стоматологиялық ауруларды диагностикалау мен ортопедиялық емдеудің өзекті мәселелерін зерделеуге, заманауи материалдарды, цифрлық технологияларды және дентальды имплантация әдістерін әзірлеу мен енгізуге бағытталған. 2025–2026 оқу жылында кафедраның ғылыми әлеуетін 19 штаттық оқытушы құрады. Олардың қатарында профессорлар, медицина ғылымдарының докторы мен кандидаттары, PhD докторлары және магистрлер бар. Кафедраның ғылыми қызметіне жас ғалымдар, резиденттер […]

