Кафедра тарихы
Терапиялық стоматология кафедрасы 1962 жылдың көктемінде ұйымдастырылды. Кафедра негізінен жаңадан құрылғандықтан клиникалық, әдістемелік және оқу материалдары болған жоқ. Ең басты қиындық – білікті педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі еді. Сол кезеңде кафедра ұжымы Алматы қаласының түрлі стоматологиялық мекемелерінен шақырылған тәжірибелі дәрігерлерден құралды. Ұжымды медицина қызметінің полковнигі Александр Иванович Фефелов басқарды. 1968 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы, профессор Давид Лазаревич Корытныйдың жетекшілігімен ғылыми мектеп қалыптаса бастады: кандидаттық диссертациялар қорғалды, ғылыми мақалалар, тезистер, баяндамалар жарық көрді. Әлемде алғаш рет стоматологияда төмен қарқынды лазерлік сәулеленуді қолдануға патент алынды. Авторлары – Корытный Д.Л., Зазулевская Л.Я., Жукова И.И. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР профилактикалық медицина академиясының және […]

