Хирургиялық стоматология кафедрасы Ташкент мемлекеттік стоматология институтымен, атап айтқанда «Жақ-бет аймағы аурулары және травматология» кафедрасымен, Литва денсаулық ғылымдары университетімен, София медицина университетімен (Болгария), сондай-ақ Virginia Commonwealth University – Вирджиния Достастығы университетімен (Ричмонд, АҚШ) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Хирургиялық стоматология кафедрасы Ресей Федерациясынан белгілі мамандар мен жақ-бет хирургтарын шақырды, олардың қатарында академик А.А. Кулаков, медицина ғылымдарының докторы, профессор; В.В. Афанасьев, медицина ғылымдарының докторы, профессор; М.А. Амхадова, медицина ғылымдарының докторы, профессор бар.
2022–2023 оқу жылында кафедрада визитинг-профессорлар ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор В.В. Маргвелашвили (Грузия) және медицина ғылымдарының докторы, профессор И.М. Юлдашев дәрістер оқыды.
2023–2024 оқу жылында Түркиядан, Орду университетінен, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Yassin Yasa визитинг-профессор ретінде шақырылды. Оның сапары 2024 жылғы 18 ақпаннан 3 наурызға дейін өтті. Ғалымның Хирш индексі – 11.
2025 жылдың жазында KCBANA ұйымының қолдауымен жақ-бет және пластикалық хирургтар Dr. Hubert және Dr. Lee №5 қалалық клиникалық ауруханаға шақырылды. Олардың пациенттерге жүргізген консультациялары мен шеберлік сабақтарына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, резиденттер мен студенттер қатысты.


